БҚО шекарасынан құжатсыз 5 тонна шошқа етін өткізбек болғандар ұсталды

Ресей Федерациясынан шошқа етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті. 

gov.kz

Алматы, NEGE. «Сырым» ветеринариялық бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлескен тексеру барысында Ресей Федерациясының Белгород облысынан Қазақстан Республикасының Алматы қаласына бағытталған DAF маркалы жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде 5 тонна шошқа еті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз заңсыз тасымалданғаны анықталды.

«Ветеринариялық-санитариялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты жүк көлігі кері қайтарылды. Ал жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген комитет таратқан ақпаратта.

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ветеринариялық бақылау пункттерінде 129 құқықбұзушылық тіркелді. 129 автокөлік ел аумағынан шығарылып, 76 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 448 480 теңге.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды