БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі 35 шақырымға жеткен
Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» өткізу бекетінде жүк көліктерінің ұзын-сонар кептелісі пайда болды.
Астана, NEGE. Жүргізушілер аптап ыстықта сағаттап тұруға мәжбүр болғанын және жағдай күрделі екенін айтып шағымданды, деп жазады «Мой город» басылымы.
21 маусымнан бері, жүргізушілердің айтуынша, кептеліс ұзындығы 35 шақырымға жеткен.
«Мен 21 маусым күні сағат 14:50-де келдім, міне, екінші тәулік тұрмын. Содан бері небәрі 15 шақырым ғана жүрдім. Шекараға дейін әлі 10 шақырымдай жол қалды, демек, тағы бір тәуліктен артық күтуім мүмкін. Неліктен сонша ұзақ күтіп тұрғанымызды, бізді неге ешкім ойламайтынын түсіне алмаймыз», – деді жүргізушілердің бірі.
Жүргізушілердің жол бойында тамақтанатын орын да, ауыз су да, дәретханалар да жоқ екенін айтуда.
ҰҚК Шекара қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстаннан шығатын бағытта көліктердің шамадан тыс жиналуына үш негізгі себеп әсер еткен:
- Маусымдық жүк тасымалы: ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау;
- Халық тұтынатын тауарлар транзиті көлемінің артуы;
Сондай-ақ «Сырым» өткізу бекетіндегі жаңғырту жұмыстарына байланысты қозғалыс жолақтарының саны азайып, көліктерді өткізу мүмкіндігі шектелген.