24 августа 2025 г. 18:27
БҚО-да жоғалған қыз табылды: күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында жоғалған қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Алматы, NEGE. 22 тамыз күні кешкі сағат 21:20 шамасында аудан тұрғыны қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Анасының айтуынша, ол танысымен дүкенге кеткеннен кейін үйге оралмаған.
Қызды іздеуге полицияның барлық бөлімшесі жұмылдырылды. Нәтижесінде 23 тамызда 32 жастағы ер адам ұсталып, ол қыздың қайда екенін көрсеткен. Қыз бала ауыл шетінен тірі табылды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— «Тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», — деп хабарлады полиция департаментінен.