БҚО-да жергілікті тұрғындарды бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алған Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған. Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаражат берген.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бопсалау фактісі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды