БҚО-да жер үйлерді тонап жүрген топ ұсталды

Облыстық ПД мәліметінше, жалпы шығын сомасы 2 миллион теңгеден асады.

None

Алматы, NEGE. Биыл ақпан айында Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында бірнеше ірі ұрлық болды. Қылмыскерлер үш үйге пластикалық терезені ашып кіріп, алтын бұйымдарды (сырға, сақиналар, алқалар және т.б.) және ақшалай қаражатты ұрлаған.

Қылмыскерлердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Ұрлық кешкі және түнгі уақытта үй иелері болмаған кезде жасалғаны анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстың төрт тұрғынын ұстады. Олардың үшеуі бұрын бірнеше рет ұрлық, тонау және алаяқтық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктілер өткізіп жіберген орындардан тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үш эпизод бойынша алдын ала тергеу басталды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды