БҚО-да су басқан өңірлердің тұрғындарына көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кетті

Оқиға осы кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды, деп хабарлайды ТЖМ. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. Жедел деректер бойынша, су тасқыны болған аймақтың жергілікті тұрғындарына көмек көрсету кезінде Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді.

Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы мас күйде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»