БҚО-да студенттер ақша бопсалады деген күдікке ілінді

БҚО-да полиция қызметкерлері бопсалау күдігі бойынша қала колледждерінің бірінің екі студентін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдіктілердің төменгі курс студенттерінен күш қолданып, қорқытып, ақша талап еткені анықталды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

БҚО полиция департаменті жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды