БҚО-да шенеуніктердің бірі пара алу күдігімен ұсталды

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолы жабылғанын хабарлады.

Видеодан скриншот/ҰҚК

Астана, NEGE. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы қамауға алынған.

«Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны қамауға алынды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, бұл тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.

Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжаттармен расталған.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке 1,9 млрд теңгедей шығын келтірілген.

Әзірге өзге ақпарат жария етілген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан