БҚО-да полиция қызметкерлері қызға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

БҚО-да полиция қызметкерлері қызға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қаңтар айының соңында Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында белгісіз біреу қызды бұзақылық ниетпен ұрып-соғып, оқиға орнынан бой тасалаған болатын. Полиция қызметкерлері ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде қылмысты жасаған күдіктіні анықтады.

Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны болып шықты. Қылмысты ашу үшін есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, ішкі істер бөліміне күдіктіге ұқсас 38 тұлға жеткізілді.

Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктінің жүрген жолы анықталып, сол арқылы қолға түсті.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?