БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Жол-көлік оқиғасы бүгін Теректі ауданы Подстепное кентінде болған.

polisia.kz

Астана, NEGE. ІІМ таратқан алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан жолаушылар автобусы мектеп автобусымен соқтығысқан. Соның салдарынан соңғысы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.

Жол-көлік оқиғасынан бірнеше адам зардап шекті, олардың ішінде балалар да бар. Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді.

«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Полицейлер барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді