БҚО-да Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталды
Желіде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны жөніндегі ақпарат тарады.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде қоғам белсендісі, заңгер Бауыржан Заки хабарлады.
«Махамбет Өтемісұлы атындағы университетте қызмет атқаратын қызметкерлердің айтуынша, бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев лауазымдық міндетін асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталып, жұмыс орнында тінту жұмыстары жүргізілуде», – деп жазды Бауыржан Заки Facebook желісіндегі парақшасында.
Оның мәлімдеуінше, ректорға қатысты қылмыстық қудалауды Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізуде.