БҚО-да құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамалды

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметі.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Казталов аудандық сотымен аудан прокуратурасының ҚР ҚК 380-бабы 5-бөлігіне сәйкес қылмысты жасағаны үшін 1993 жылғы күдікті А-ға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялау туралы қозғаған өтінішхаты қанағаттандырылды.«Іс құжаттарынан көрінгендей, күдікті А. су тасқынынан жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін келген кезекші құтқарушыға өз міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданған», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде 26 жастағы құтқарушы Жалпақтал ауылындағы № 2 Казталов аудандық ауруханасында ем алып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті