БҚО-да Крещение мерекесінде 1 400-ге жуық адам суға шомылып шықты

Батыс Қазақстан облысында Крещение мерекесінде 1 356 адам суға түсіп шықты.

БҚО ТЖД

Алматы, NEGE. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, солардың 156-сы – балалар. Шомылу кезінде төтенше жағдай тіркелген жоқ.

"Департамент қызметкерлері діни шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Осы орайда дәстүрлі рәсімдер өтетін орындарға ерекше назар аударылды. Өткен жылы да өңірде оқыс оқиға болған жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.

Орал қаласы әкімдігінің нақтылауынша, бастапқыда шаһар бойынша суға түсуге арналған 11 орын белгіленгенімен, олардың саны 9-ға дейін қысқарды.

 Атап айтқанда, Зачаган кентіндегі Коминтерн және қаладағы бұрынғы «Металлист» зауыты ауданында мұздың жұқа болуына және орынның жабдықталмауына байланысты суға түсуге тыйым салынды. Қазіргі кезде қалған 9 орында төтенше жағдай және медицина қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты