БҚО-да қағаз тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүк көлігіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. 27 ақпанда Сырым ауданында «Самара-Шымкент» автожолында Жымпиты ауылынан 20 шақырым жерде бумадағы қағаз тиелген жүк көлігі өртенді.

Өрт сөндірушілер өртті жедел түрде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.