БҚО-да қабан аулаған браконьер ұсталды

БҚО-да заңсыз аң аулау дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулау фактісін әшкереледі.

Жуырда түнгі уақытта Үлкен Шаған – Переметное тас жолының 15-шақырымында Орал қаласының 53 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында салоннан екі қабанның төс еті, 7 дана оқ-дәрі, екі пышақ және бір балта табылып, тәркіленді.

Көлік айып тұрағына қойылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды