БҚО-да 11 жылқыны ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полицейлер Сырым ауданының тұрғынына тиесілі еркін жайылымдағы 11 жылқыны ұрлады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады.

полиция

Алматы, NEGE. «Күдіктілер ұрланған малды сойып жатқан сәтінде қолға түсті. Жедел іс-шара барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен 7 бас мал табылды. Ұсталған сәтте төрт жылқы сойылғаны анықталды. Шығын сомасы 4 миллион теңгеден асады. Тәркіленген ет пен қалған жылқылар заңды иесіне қайтарылды», - делінген БҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды