Бизнесмендерді қорқытып, көлігін өртеген: екі қалада алты адам қамауға алынды

Астана және Алматы қалаларында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған қылмыстық қауымдастық мүшелері ұсталды.

ІІМ

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактілері бойынша айып тағылған.

Алматы қаласындағы эпизодтардың бірінде топ мүшелері жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолданып, одан 12 млн теңге талап еткен.

«Бизнес өкілдеріне қысым көрсету, сондай-ақ оларды қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеу фактілері тіркелді.

20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды