Біздің қыздың жетістігін қызғанып қалды

Чехтың теннисші қызы Барбара Крейчикова қазақ теннисшісі Елене Рыбакинаның танымалдығын қызғанып қалды. Ол мұнысын сұхбаттарының бірінді білдіріп қойды.

Алматы, NEGE. «Әлемдік рейтингтегі бастапқы үштікке тым көп көңіл бөлініп жүр. Менің ойымша, олардан да бөлек мықты ойыншылар бар. Солардың бірі – мен. Әрине, алғашқы үштік мақтауға тұрарлық, бірақ бәрі сол үшеуінің төңірегінде айналсоқтай береді. Басқалар туралы неге айтпайды? Мен мұны түсінбеймін», – депті Барбара Крейчикова.

Барбараның «бастапқы үштік» деп отырғаны – поляк Ига Швентек, беларус Арина Соболенко және қазақ Елене Рыбакина. Ал Барбараның өзі 13-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр