Біздің «ашық есік» саясатымыз өзгермейді – Президент

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында халықаралық инвесторларға үн қатты.

Алматы. NEGE. «Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгермейді» делінген хабарламада.