АҚШ бізді демократияландыруға ақша әкеле жатыр

АҚШ Мемлекеттік департаменті Орталық Азия елдеріне 9 миллиард долларды тікелей бермек. Оны бес ел - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан өзара бөліп алатын болады. АҚШтың ойынша осы ақшаға 5 ел жақсылап демократиялануы тиіс.

Тағы 50 миллиард доллар Дүниежүзілік банкі, Халықаралық валюта қоры, Еуропаның қайта құру және даму банкі мен Азияның даму банкінің арзан несиелері мен техникалық көмегі түрінде бөлінбек. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, қаржы бөлудің басты мақсаты бейбітшілік пен қауіпсіздікті, демократиялық реформалар мен экономикалық өсуді, сондай-ақ гуманитарлық қажеттіліктерді қанағаттандыру көрінеді. 

"Тұрақты және қауіпсіз Орталық Азия Америка Құрама Штаттарына өте маңызды. АҚШ жеке компанияларының 31 миллиард доллары аймақ елдеріне инвестицияланды".

Сонымен бірге АҚШ Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы байланысты күшейтпек. «Орталық Азия мемлекеттері аймақтық тұрақтылыққа тікелей ықпал ететін энергетика, экономика, мәдениет, сауда және қауіпсіздік арқылы Ауғанстанмен тығыз байланысты дамытатын болады», - деген сенімде, бізге ақша әкеле жатқан Мемлекеттік департамент.

Қазір оқып жатыр

«Аса маңызды тарихи сәт»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді

GGG Таиландта дауыс берді

Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды