Бізде тек қана алаяқтар жақсы жұмыс істейді
Ресми статистика бойынша соңғы он жылда 130 мыңға жуық қазақстандық алаяқтардың арбауына түскен. Бірақ бұл - "ерінбей" құқық қорғау органдарына арыз жазған азаматтардың саны. Ал қолын бір сермеген, өзінің алданып қалғанын жария етуден ұялғандар қаншама? Шын мәнінде алданғандар ресми статистикадан бес есе көп дейді, сарапшылар.