«Біз бәріміз бәрібір өлеміз»: Полиция мұндай мәлімдеме жасамағанын хабарлады

Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкері бейнесіндегі ер адамның видео үндеуі пайда болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде бейне авторының жеке басы анықталды. Бұл әнші және актер Т.Кенжеболатов (Кентал) болып шықты. Бұл пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырды.

Осыған байланысты Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес деп хабарлайды. Т. Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі.

«Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында мұндай үндеулер, тіпті әзіл үшін болса да, әсіресе полиция формасын қолданғандығы орынды емес және қабылданбайды», - деп ескертті.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті