Биткоин күрт қымбаттады
Биткоинның орташа айырбас бағамы 2 маусымнан кейін күрт көтеріліп, 10 000 доллардан асты. Кей биржаларда бағасы 10 200 долларға дейін өсті.
Алматы, NEGE. Алайда кейін 9 800 долларға арзандап, бағамы 9 900 доллардан сәл жоғары болып тұрақтады.
Сарапшылардың көбі жақын арада биткоин 10 500 долларға жетіп, кейін 12 000 долларға жақындайды деген болжам жасап отыр екен. Бұл туралы Crypto News жазды.