Биткоин құны 58 мың доллардан асты

Биржадағы сауда деректері бойынша ең танымал криптовалюта биткоин құны 58 мың доллардан асып, тағы да рекорд жаңартты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Binance биржасындағы сауда-саттық көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы - биткоин Нұр-Сұлтан уақытымен 02.01-дегі жағдай бойынша 2,12 пайызға өсіп, 58,1 мың долларға жетті. 20-дан аса биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталы мәліметіне сүйенсек, биткоин 1,68 пайызға өсіп, 58,133 мың доллар болды. 

Биткоин құны желтоқсанда көтерілді. 16 желтоқсанда криптовалюта 2017 жылдан бергі тарихи максимум - 20 042 доллардан асты. Ол көрсеткіштен үш есеге өсті.

Криптовалюта құнының күрт өсуі 8 ақпанда кәсіпкер Илон Маск басқаратын Tesla компаниясы Bitcoin-ге 1,5 миллиард доллар инвестиция салғанын жариялағаннан кейін байқалды. Осы жағдайдан кейін биткоин құны қаңтардағы рекорд көрсеткіш - 41 950 доллардан асып түсті және содан бері рекордты жаңартып келеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды