Бишімбаевтың ісімен танылған прокурор Айжан Аймағанова Құрылтайға үміткер атанды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова Құрылтай депутаттығына ұсынылды. Оның есімі «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінде бекітілген партиялық тізімге енген.

Айжан Аймағанованың жеке парақшасынан

Астана, NEGE. «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінде Құрылтай депутаттығына 186 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді. Ұсынылған кандидаттардың қатарында прокурор Айжан Аймағанова да бар.

Партиялық тізімде бұдан бөлек Ерлан Қарин, Асхат Аймағамбетов, Мұрат Әбенов, Бағдат Мусин, Динара Зәкиева, Геннадий Зенченко, Әділ Балтабаев және басқа да қоғам қайраткерлері мен түрлі сала өкілдері бар.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, партиялық тізімге кәсіби біліктілігі жоғары, қоғамда абыройға ие болған азаматтар енгізілген. Оның сөзінше, бұл таңдаулы топ алдағы сайлау науқанында партияның бағдарламасын таныстырып, Құрылтайда партияның ұстанымын білдіруге дайын.

Айта кетейік, Айжан Аймағанова қоғамға экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы болғаннан кейін танылды.