Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталатын күн белгіленді

Ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтетін күн белгілі болды. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сот кеңсесінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, алдын ала сот отырысы 11 наурызда басталады.

Бұған дейін істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаеваның қарайтыны айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс сотқа 2024 жылдың 26 ​​ақпанында түскен болатын.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?