Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіске жетті
Елордадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбекованың Қайрат Кемеловке қарсы ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талап-арызын жартылай қанағаттандырды.
Алматы, NEGE. Кемеловтың 2025 жылғы 14 қаңтарда YouTube-тегі «Айран» арнасына берген сұхбатындағы пікірлері арыздануға себеп болған.
«Сот Қуандық Бишімбаевтың ата-анасының талап арызын жартылай қанағаттандырды. Олар туыстары Қайрат Кемелов таратқан ар-намыс пен қадір-қасиетті қаралайтын мәліметтерге шағымданған. Airan YouTube арнасына берген сұхбатында Кемелов айтқан екі пікір Бишімбаевтар отбасының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін деп танылды. Енді ол сол айтылған пікірлерді дәл сол платформада ресми түрде теріске шығаруы тиіс», – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Кемелов моральдық шығын ретінде Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбековаға әрқайсысына 100 000 теңгеден төлеуге міндеттелді. Яғни, барлығы 200 мың теңге. Бұл бастапқыда талап етілген 16 миллион теңгеден әлдеқайда аз. Адвокаттың қызметі мен мемлекеттік баж салығын ескергенде, Кемелов жалпы сомасы 610 мың теңге төлеуге міндеттелді.