Бишімбаевтың адвокатының судьяға қарсылық білдіру талабы қанағаттандырылмады

Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында қорғаушы тарап төрағалық етуші судья Айжан Құлбаеваға қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, қарсылық білдіруді сол соттың судьясы С.Тасымбетов алқабилер мен судья Құлбаеваның қатысуынсыз қарады.

Қарсылық білдіруді қарау нәтижелері бойынша соттың қаулысымен қорғаушы тарап берген судьяға қарсылық білдіру қанағаттандырусыз қалдырылды.

Істі қарау қайта жалғасты.

Бұл қаулы шағымдануға немесе наразылық білдіруге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»