Бишімбаевты ұстаған полицейге қатысты тергеу жүріп жатыр

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстаған полицейге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Полиция

Алматы, NEGE. «Бұл факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Нәтижесі қосымша хабарланады», - деп жауап берді ІІМ баспасөз қызметі.

9 қарашада Бишімбаевты ұстаған полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты «Ол өзі шу шығарған болар» деп айтып қалған. Полицейдің бұл сөзі бейнежетонға түсіп қалған.