Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалдаған ба?

Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тергеу изоляторына тамақ арқылы есірткі тасымалданды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қылмыстық-атқару жүйесі

Алматы, NEGE. 7 шілдеде елорданың тергеу изоляторында белгісіз әйел тұтқынға марихуана қосылған голубцы әкелгені туралы ақпарат тарады.

Белгісіз әйел сотталушыға марихуана қосылған тағам берген. Артынша бұл тағам экс-министр Қуандық Бишімбаевқа беріліпті деген ақпарат тарады.

Алайда Ішкі істер министрлігі бұл істің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

“№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты