Бишімбаевқа қатысты сот процесін тікелей эфирде барлық адам бақылай алады

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE Сонымен қатар бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Іс бойынша 27 наурызда сағат 16:00-ден басталатын басты сот отырысы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында онлайн көрсетіледі. Сот барысын кез келген адам бақылай алады. 

Жоғарғы Соттың коммуникациялар бөлімінің басшысы Перизат Сәдуақастың айтуынша, мұндай шешім осы іске қоғамның қызығушылығының артуына байланысты қабылданған. Бұл Қазақстан тарихындағы тікелей эфирде барлығы бақылай алатын алғашқы сот процесі.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?