Бишімбаевтың соты: Астанада алдын ала тыңдалымның екінші күні өтіп жатыр

Астанада Бишімбаевтың қылмыстық ісіне қатысты алдын ала тыңдалымның екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады NEGE тілшісі.

NEGE

Астана, NEGE. Тілшіміздің хабарлауынша, БАҚ өкілдерін бүгін де сот залына кіргізбей жатыр. Журналистер ішке кезекпен кіруге ұсыныс тастаған. Алайда олардың бұл талабы орындалған жоқ.

Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Ол айтылды. Журналистердің кіргені дұрыс еді. Сот әділ өтер еді. Өздеріңіз де көріп отырғандай журналистерді кіргізбей жатыр. Негізгі сот процессі болған кезде бірақ кіргіземіз деп айтып жатыр. Оны сот шешеді. Бізді де кіргізбеді. Біз де сіздер сияқты видеоконференциядан бақылайтын боламыз», – деді Қайрат Нүкенов.

Журналистердің бірі «БАҚ өкілдерінің жұмысына кедергі келтіріп жатыр» деп полиция шақырды.

«БАҚ өкілдері бақылауы тиіс монитордан трансляция жасалып жатқан жоқ. Журналистер дәлізде сенделіп жүр», – деп мәлімдеді NEGE тілшісі. 

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?