Бишімбаев жазасын жеңілдетуді сұрады – Іс Жоғарғы сотқа жіберілді

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілгені туралы ақпарат тарады. Ол жазасын жеңілдетуді сұраған. 

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот кеңсесіне түскен ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған болатын. 

Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Байжанов аса қауіпті қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін