29 октября 2024 г. 0:16

Бишімбаевтың ісін қараған судья марапатталды

Фото: gov.kz

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева медальмен марапатталды. 

Алматы, NEGE. Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Айсұлу Сламбекова салтанатты түрде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награда табыс етті.

Іс-шарада А.Көлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Марапатты табыстау барысында А.Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.