Қуандық Бишімбаев Салтанат қайтыс болған күні «Юлия Супер» есімді әйелмен хат алмасқан

Астанада Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефоны, WhatsApp-тағы хабарламалары зерттелді.

Зерделеу барысында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Қуандық Бишімбаевтың бірнеше әйелге телефон соғып, хат жазысқаны анықталды.

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні 9 қараша 19:07-де «Юлия Супер» есімді әйелге «боссың ба?» деп жазған. Оған: «Кірпік жабыстырып жатырмын. Қай уақытта?», - деп жауап қайтарады «Юлия Супер».

Сотталушы бұл жеке хабарлама болғандықтан оны көпшілікке оқымауды сұрады. Дегенмен, судья хабарламаны толық оқып берді.

Бишімбаев судья мен прокурорларға «Юлия Супердің» кім екенін түсіндіре алмады.

«Осының бәрін жазғаным Салтанатқа бірдеме болды деп ойламағанымды дәлелдейді», - деп қысқа қайырды. 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды