Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық сатыдағы соты басталды

Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сатыда сот отырысы басталды.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарын онлайн өткізіп жатыр. 

Алқабилердің үкімі Қуандық Бишімбаевты әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін, ал туысы Бақытжан Байжановты жасырғаны үшін кінәлі деп тапқан болатын. 

Бишімбаев айыптың 99-бабынан («Аса қатыгездікпен кісі өлтіру») 106-ға («Өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қайта дәрежелеуді, жазаны жеңілдетіп, істі жаңадан сот талқылауына жіберіп, үкімнің күшін жоюды сұрады. 

Байжанов 2023 жылғы 9 қарашадағы әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп есептеп, ақтауды талап етуде.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді