Бишімбаев Нүкенованың танымал кәсіпкермен жақын қарым-қатынаста болғанын айтты

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтан жауап алынды. 

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Қуандық Бишімбаев сот залында Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын баяндады. Сонымен қатар Қуандық Бишімбаев отбасындағы келіспеушілік неден басталғанын айтып берді. 

Сотталушының айтуынша, Салтанат Нүкеновамен арадағы қарым-қатынас үйлену тойына дейін өте жақсы болған, бірақ үйленгеннен кейін Нүкенованың мінез-құлқы күрт өзгерген.

«Үйлену тойынан кейін ол өзгерді, мүлдем басқа адамға айналды. Мінез-құлқы біртүрлі бола бастады. Бірнеше күн бойы бір-бірімізбен сөйлеспей, әртүрлі бөлмелерде ұйықтап жүрдік», - деді Бишімбаев соттағы жауабында. 

Бишімбаев жұмыстан келгеннен кейін Нүкеноваға «барлығын ашып сөйлесейік» деп, мінезіндегі өзгерістің себебін сұраған. 

Бишімбаевтың айтуынша Салатанат: «Саған көптен бері айтқым кеп жүрген, бірақ қалай айтарымды білмедім. Сенің кабинетіңде мен бірнеше жыл бойы жақын қарым-қатынаста болған адамның суреті бар. Үнемі соны көремін де ашуланамын. Саған қалай айтарымды білмеймін», - деген. Оның кім екенін сұрағанда, Салтанат Нүкенова: «Қазақстанға танымал кәсіпкер», - деп жауап берген.

Бұл мәлімдемеден кейін жәбірленуші тараптың адвокаттары аталмыш мән-жайлардың кісі өлтіруге еш қатысы жоқ екенін және алқабилердің Нүкенованың жеке басына қатысты біржақты көзқарасын тудыруы мүмкін екенін айтып, сотқа жүгінді.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?