Бишімбаев колониядан қашып кеткен бе? – Жалған ақпарат

Комитет жалған ақпарат таратқандардың жазаланатынын атап өтті. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді.

Комитеттің хабарлауынша, бұл ақпарат – жалған.

«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың колониядан қашқаны туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл сотталған адам жазасын барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр», – делінген хабарламада.

ҚАЖ комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

«Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты