Бишімбаев қансырап жатқан әйеліне неге көмектеспегенін түсіндірді

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. 

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтан жауап алынып жатыр. Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың қансырап жатқан әйеліне неге көмектеспегенін сұрады.

«Сіз сотта оны жақсы көретініңізді бірнеше рет айттыңыз. Сіз сүйікті адамыңыздың денесінен қан дақтарын көріп тұрсыз, қан барлық жерде – перде де, майлықтарда, еденде, неге сіз жәбірленушіге көмектесу үшін қандай да бір шара қолданбадыңыз?», - деп сұрады судья.

Сотталушы Салтанат Нүкенованың бетінде тек иек аймағында ғана ұсақ кесілген жарақат болғанын айтты.

«Қан барлық жерде болды дегенмен келісе алмаймын. Ол құлаған жерде қанның қалдықтары болды. Мүмкін пердеге мен қол тигіздім», - деді Бишімбаев.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек