Бішкектегі қақтығыс: бір адам қаза тауып, 600-ге жуығы жараланды

Бішкектегі тәртіпсіздіктерден 1 адам қаза тауып, 600-ге жуығы жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Оның 13-і жансақтау бөлімінде. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Өткен түнде Бішкекте наразылық шерулері парламенттік сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін басталды. Бейбіт шара кешке қарай қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер парламент ғимараты алдындағы қоршауды бұзып өтпек болып, күзетшілерге тас лақтырған. Ал тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен резеңке оқ атып, шерушілерді күшпен таратып жіберді. Қақтығыс басталғаннан кейін алғашқы екі сағатта полиция шерушілерді орталық алаңнан ығыстыра алды. Осыдан кейін қақтығыстар іргелес көшелерде жалғасты.

Біртіндеп ереуілшілер саны артты. Олар парламент ғимаратына басып кіріп, президент кабинетінің тас талқанын шығарып, өрт қойды.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды