Бішкекте тағы бүлік шықты

Қырғызстанның астанасы Бішкекте жаппай тәртіпсіздік болды.

Садыр Жапаровты қолдаған митинг Ақ үйдің территориясына баса-көктеп кірген. Митингіге қатысушылар милицияға тас лақтырды. Бішкектегі милиция қызметі күшейтілген режимге көшкен.

Алматы. NEGE. Бейбіт наразылықтың соғы кешке қарай ушығып кеткен. Милиция шерушілерді тарату үшін күш қолданып, су мен дыбыс шығаратын граната қолданған. Тәртіпсіздік кесірінен бір милиция қызметкері жарақат алыпты.

2017 жылы парламенттің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровты қырғыз соты «2013 жылы "Құмтор" алтын кен орнын мемлекет меншігіне алғаны және "барымталағаны үшін", «Қаракөл қаласында өткен митингті қаржыландырды» деген айыппен 11 жарым жылға бас бостандығынан айырған-ды.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады