Бішкекте өткен халықаралық турнирде Қазақстан балуандары төрт медаль жеңіп алды

Қазақ балуандары Бішкекте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Алматы, NEGE. Бішкекте өткен халықаралық турнирде қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған.

Осылайша Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Рәтбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнирдің үшінші күні аяқталды.

"Әйелдер күресінен 55 келі салмақта Марина Седнева, 72 келі салмақта Жәмилә Бақбергенова жеңіске жетті. 65 келі салмақта сынға түскен Ирина Казюлина күміс жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестен 97 келі салмақта Нұрсұлтан Азов қола медалға ие болды", - деп хабарлады дирекциядан.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр