Бішкекте митингіге шыққан топ үкіметтен қару беруін талап етті

Бішкекте Үкімет үйінің алдында митингіге шыққан топ Баткен облысының шекарасын қорғау үшін қару беруді талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Атап өтілгендей, Бішкек қаласындағы Үкімет үйінің алдында митингіге шыққандар оларға Баткен облысындағы шекараны қорғау үшін қару беруді талап етіп отыр. «Алайда, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығы аталған талаптың салдары ауыр болуы мүмкін болғандықтан, оны орындау мүмкін емес екенін атап өтті», - делінген хабарламада. Сонымен бірге, үкіметтік делегациялардың қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздері жалғасып жатыр. Сондай-ақ, шекаралық құрылымдардың екі басшысы Тәжікстан аумағында келіссөздер жүргізу үстінде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды