Бішкекте қырғыздар митингке шықты

Бішкектегі Ақ үй ғимаратының жанында митинг болып жатыр.

Алматы, NEGE.  Қырғызстандық басылымдардың хабарлауынша, жиналғандар қырғыз-тәжік шекарасындағы қазіргі жағдайға алаңдаулы.

Наразылық білдірушілер алдына Жоғарғы Кеңес депутаты Сұлтанбай Айжігітов шықан. 

Олар жиналғандарға қазіргі қақтығыс бойынша Парламент отырысы өтіп жатқанын хабарлады. Шеруге шыққандардың талап-арызы ескерілген. Депутаттар бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатқанын, гуманитарлық көмектер жиналғанын жеткізді. 

Митингке шыққандардың саны саны 100-ге жуық. Олар биліктен шекарадағы жанжалды тез арада шешуді талап етіп отыр.

14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс басталды. Бұлақ-Башы, Қақ-Сай, Пасқы-Арық аудандарында атыс шықты. Кейін шекара қызметі бес жерде атыс болғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті