Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум өтеді

26 мамырда Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Еуразиялық экономикалық форум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара бағдарламасына Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс, сондай-ақ алты панельдік сессия кіреді.

Еуразиялық экономикалық форумның басты тақырыбы – «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері».