Бішкекте бейбіт шеру өтіп жатыр

Бішкекте Қырғызстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін шеру өтіп жатыр. Акция бастамашылары - әлеуметтік желі қолданушылары, - деп хабарлайды 24.kg.

Алматы, NEGE. Шеруді ұйымдастыру туралы шешім Facebook-те 2019 жылы Мәскеуде өткен іс-шараның видеосы жарияланғаннан кейін қабылданды. Оған Жоғарғы кеңестің депутаттары, оның ішінде Парламенттің жетінші шақырылымына үміткер Марат Аманқұлов қатысқан. Ол сөзінде: "Отыз жыл бізге қайтып оралу керегін көрсетті. Бостандықта жақсы, ал үйде одан да жақсы" деген. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәлімдемені Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясының құрамына кіруіне бастама әрекеті ретінде қабылдаған. Ал Марат Аманқұлов осы сөздер дұрыс қолданылмағанын және бұл ұйымдастырылған арандатушылық екенін мәлімдеді. Қырғызстан тәуелсіздігі үшін шеру теміржол вокзалынан Эркиндик бульвары бойымен "Ақ үйге" қарай жылжып келеді. "Бостандық пен тәуелсіздік - қырғыз халқының ең құнды нәрсесі. Біз өз бостандығымызды қорғаймыз", - дейді бейбіт шеруді ұйымдастырушылар.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті