Бішкек тұрғындары бас көтерді

Белгісіз біреулер Бішкек басшысының ғимаратын басып алмақ. Оларды милиция қызметкерлері ұстап тұр, – деп хабарлайды 24.kg.

Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, Бішкектегі муниципалитеттің жанында 100-ге жуық адам жиналған. Олар Нариман Тюлеевтің қала басшысы қызметінен кетуін талап етіп жатыр екен.

«Нариман, егер сіз қазір шықпасаңыз, біз өзіміз кіреміз. Бізге жастар керек», – дейді ер адамдардың бірі.