Біртановтың ісі бойынша сот тыңдауы өтеді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды.

Алматы, NEGE. «Алдын ала тыңдау 26 қаңтарға белгіленген», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, тыңдау ашық режимде өтеді.

Қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне келіп түскен.

Істі қарайтын судья – Ибрагим Әлкенов.