Біртановқа қатысты соталды тергеу аяқталды

Кеше бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов пен вице-министр О.Әбішевке қатысты соталды тергеудің аяқталғаны белгілі болды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Осы жылдың 7 шілдесінде соталды тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Өзге дерек Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сай жария етілмейді», – деп хабарлады агенттік.

Естеріңізге салайық, Біртанов пен Әбішев «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталды. Сондай-ақ министрліктің істемей тұрған ақпараттандыру платформасын қабылдап алған. Атқарылмаған жұмыстың құны 4,1 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге.

Бұдан бөлек, Е.Біртановқа тағы бір айып тағылды. «2020 жылы ол санитарлық авиация ұшағын жеке мақсақта пайдаланған» деп айыпталды. Айлайда Біртановтың өзі мұнымен келіспейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті