2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Біртанов: Коронавирусқа қарсы күреске бастапқыда 17 млрд теңге бөлінді

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов арнайы қорғаныш киімі жетіспейтінін жеткізді.

Алматы, NEGE.  Министрдің айтуынша, індеттің зардабы ауыр болатыны белгілі болды. "Біз алдын ала дайындалдық. Қорға керекті заттарды алуды ойластырдық. Ең бірінші жұқпалы аурухана қызметкерлеріне жеткізуді қарастырып жатырмыз. Елімізде фабрикалар тігіп жатыр. Бірақ жетпейді. Ұшақ арқылы Қытайдан алдыртып жатырмыз. Бизнес өкілдері қаржы жағынан көмектесуде. Ақша жағынан мәселе жоқ" деді министр. 

Ол бірінші резервке бюджеттен 17 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. Оған 23 түрлі дәрі-дәрмек, 2 млн маска, 2 млн қолғап, т.б. қажетті құрал-жабдық сатып алынған.